
Ақтөбе облысының білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева білім саласының ардагерлерімен кездесті. Жиын барысында Ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжегазы Байгазин ұйымның атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспарларына тоқталды.
Басқарма басшысы ардагерлердің білім саласындағы тәжірибесі - өскелең ұрпақ үшін баға жетпес қазына екенін атап өтіп, олардың кеңестері мен ұсыныстарының маңыздылығына назар аударды. Сондай-ақ, жастарды тәрбиелеу мен педагогикалық дәстүрлерді сақтауда ардагер ұстаздардың рөлі ерекше екенін айтып, алдағы уақытта тығыз байланыста жұмыс істеуге ниетті екенін білдірді.
Кездесу барысында бірлескен жобалар мен бастамаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланып, басқарма басшысы ардагерлерге денсаулық, ұзақ ғұмыр және еңбектеріне толағай табыс тіледі.