Ақтөбеде жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы басталды

Ақтөбеде жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы басталды

2025 жылғы 18-21 ақпан аралығында Ақтөбе қаласында республикалық ғылыми жобалар конкурсының жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер бойынша қорытынды кезеңі өтеді. Конкурсқа 433 жобамен 577 оқушы қатысуда.

Байқаудың басты мақсаты – оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру; дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және қолдау; Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін қалыптастыру. Конкурс халықаралық тәжірибеге сәйкес ашық көрме форматында барлық санитарлық, медициналық, өрт қауіпсіздігі және қоғамдық тәртіп нормалары сақтала отырып өткізіледі. Конкурстың қазылар алқасы жұмысына еліміздің беделді жоғары оқу орындарының 60-қа жуық профессор ғалымдары шақырылды. Әрбір қатысушыны бір-бірден тәуелсіз қазылар алқасының мүшелері тыңдайды. Тыңдаудың қорытындысы бойынша орташа балл шығарылып, сәйкесінше Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталады.

Конкурс ережелеріне сәйкес, жалпы қатысушылардың санынан 45% ҚР Оқу-ағарту министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және алтын, күміс, қола медальдарымен марапатталады.