
Ақтөбе облысында мектепке дейінгі жаста IT сауаттылықты, цифрлық технологиялар саласындағы қарапайым дағдыларды қалыптастыру үшін «IT-балабақша» пилоттық жобасы бастау алды.
Алғашқы жұмыс тәжірибесін зерттеуді қолға алған мектепке дейінгі ұйымдар - Ақтөбе қаласы №33 «Нұрсәт» және №49 «Думан» балабақшалары.
Жобаның мақсаты - балабақшада цифрлық ортаны құру, балалардың интеллектуалдық қабілетін ашу, бағдарламалау дағдыларын меңгерту, оқу-тәрбие процесінде интерактивті технологияларды тиімді қолдану.
Жобаға қатысушы бүлдіршіндер IT саласының алғашқы дағдыларын меңгере бастады. Робот құрастырып, интерактивті ойын дағдыларын қызыға үйренуде. Болашақта сандық технологиялармен жұмыс істеуіне негіз қалауда.