
2025 жылғы 9-11 қаңтар күндері Қаскелең қаласында, С.Демирель атындағы университет базасында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсы ұйымдастырылды.
Бұл конкурс еліміздің үздік педагогтерінің кәсіби шеберлігін арттыру, инновациялық тәжірибелерін зерделеу және тарату мақсатында өткізілді. Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 250-ге жуық педагог қатысып, өздерінің білім мен шығармашылықтарын көрсетті.
Ақтөбе облысының жеңімпаздары:
І орын: Жапарова Муслима (Темір ауданы);
ІІ орын: Канымкулова Жадра (Мұғалжар ауданы);
ІІІ орын:
Тұралиева Аружан (Ақтөбе қаласы);
Елеукен Арайлым (Мұғалжар ауданы).