2024-2025 оқу жылындағы республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңі басталды

2024-2025 оқу жылындағы республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңі басталды

Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне жалпы білім беретін мектептердің 9-11 (12) сынып оқушылары қатысады. Барлығы 1200 оқушы білім сынағына түсуде:

Аудан мектептерінен – 394 оқушы

Қала мектептерінен – 635 оқушы

Облыстық білім беру ұйымдарынан – 171 оқушы

Олимпиаданың мақсаты:
 Дарынды оқушыларды анықтау және қолдау
 Шығармашылық қабілеттерді дамыту
 Білімді халықаралық деңгейге көтеру

Олимпиада екі бағытта өтуде:
 Жаратылыстану-математикалық бағыт: математика, физика, химия, биология, география, информатика
 Қоғамдық-гуманитарлық бағыт: қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, тарих, құқық негіздері, шет тілдері

Сынақтың ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету мақсатында бақылауға ата-аналар комитеті, «Аманат» партиясы, облыстық мәслихат және басқа да тәуелсіз өкілдер шақырылды.

Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!