Бүгін қыз балалар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу бойынша кездесу өтті.
Шараға Ақтөбе қаласының Полиция басқармасының өкілдері, №1 қалалық емханасының мамандары, "JAN AHUAL" психологиялық қолдау орталығының қызметкерлері, сонымен қатар 8-11 сынып оқушылары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 1-2 курс студенттері және жетекшілері қатысты.
Кездесу барысында ерте жүктілік мәселесіне ерекше назар аударылып, мамандар қыз балаларға жыныстық денсаулықты сақтау, жауапкершілікпен шешім қабылдау және өзін-өзі қорғау мәдениетін қалыптастыру туралы кеңес берді. Баяндамашылар психологиялық тренингтер мен бейнероликтер арқылы ақпарат ұсынып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.