Ағымдағы жылдың 30 қазанында Астана қаласында «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен өткен «Мұғалім Talks» кейс-платформасы білім беру саласындағы маңызды мәселелерді талқылауға арналған ерекше алаң болды. Іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 300-ден астам мектеп мұғалімдері, колледждер мен ЖОО оқытушылары, студенттер, ғалымдар, білім саласының ардагерлері мен сарапшылар жиналды.
Іс-шараның басты спикерлерінің бірі – “Автоматтандыру және басқару” бөлімінің меңгерушісі Дархан Түгелбайұлы болды. Ол кәсіптік және техникалық білім берудің өзекті мәселелерін ашық талқылап, оны шешу жолдарын ұсынды.
Спикер ұстаздардың заман талабына сай білім беру мәселелерінде тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу соңында үздік ұстазымызға «Ұстаз – ұлт айнасы» атты арнайы төсбелгі табысталды.