ХРОМТАУ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ХРОМТАУ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Хромтау ауданының білім бөлімінің басшысы болып Отаров Шерхан Табиғатұлы тағайындалды. Шерхан Табиғатұлы 1995 жылы Шалқар ауданында дүниеге келген, білімі - жоғары, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің биология пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2017-2019 жылдары биология пәні мұғалімі болып бастап, 2019-2021 жылдары директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.
2021 жылдан бастап аталған лауазымға тағайындалғанға дейін №3 Хромтау орта мектебінің директоры қызметін атқарып келді.