1 ҚЫРКҮЙЕКТЕН БАСТАП ӨҢІРДЕ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА БАЛАЛАРДЫҢ ҚАТЫСУЫН ЭЛЕКТРОНДЫ ТҮРДЕ ТАБЕЛДЕУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛУДЕ

1 ҚЫРКҮЙЕКТЕН БАСТАП ӨҢІРДЕ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ  ҰЙЫМДАРДА БАЛАЛАРДЫҢ ҚАТЫСУЫН ЭЛЕКТРОНДЫ ТҮРДЕ  ТАБЕЛДЕУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛУДЕ

Енді әр ата-ана «Dara Bala» автоматтандырылған жүйесінің жеке кабинетінде табельдің дұрыс толтырылғанын қарап, оны өзі растай алатын мүмкіндікке ие болады.

Облыстық білім басқармасы «Dara Bala» жүйесінде балаларды кезекке қою және мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама беру қызметін көрсететін техникалық қолдау өкілдерімен бірлесе отырып, барлық меншік түріндегі балабақша басшыларымен электронды табельді толтыру бойынша онлайн-кеңес өткізді.

Бұл жаңашылдық ата-аналар мен балабақша арасындағы байланыс пен сенімді нығайтуға, сонымен қатар балалардың қатысу көрсеткіштерін әділ және ашық жүргізуге бағытталған.