
Балаларды 1-сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды тапсыру мерзімі аяқталуға жақын екенін ескертеміз!
Балаларды 1-сыныпқа қабылдау ағымдағы жылдың 1 сәуірінен басталып, 31 тамызға дейін жалғасады.
Қазіргі уақытта 17 764 (98,6%) баланың құжаттары 1-сыныпқа оқуға қабылданды.
Балаларды 2024/2025 оқу жылына 1-сыныпқа оқуға қабылдауға өтініш беру egov.kz электрондық үкіметі арқылы жүзеге асырылады.