2023 жылдың 5 шілдесінен бастап Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжінің директоры болып Есенгалиева Гулден Утежановна тағайындалды.
Гулден Утежановна 1983 жылы Темір ауданында өмірге келген. Білімі – жоғары. Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын физика және информатика бакалавры, физика магистрі біліктіліктері бойынша, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін автоматтандыру және басқару мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы Ақтөбе политехникалық колледжінде оқытушы болып бастап, әр түрлі жылдары әдіскер, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2020 жылдан қазіргі дейін осы колледжде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келді.
Санаты – педагог-шебер. Білім саласында 16 жылға жуық еңбек өтілі бар.