Басқарма басшысы Жайық Сұлтан қайырымдылық акциясына қатысқан оқушылар мен ата-аналарды облыс әкімінің алғыс хатымен марапаттады

Басқарма басшысы Жайық Сұлтан қайырымдылық акциясына қатысқан оқушылар мен ата-аналарды облыс әкімінің алғыс хатымен марапаттады

Бүгін басқарма басшысы Жайық Сұлтан жалпы орта білім беретін «Білім» мектеп-гиназиясына барып, жас ұрпақтың бойына рухани-адамгершілік және ұлттық құндылықтарды дамыту мақсатында ұйымдастырылған қайырымдылық акциясына қатысқан оқушылар мен ата-аналарды, класс жетекшілерді, мектеп директорын облыс әкімінің алғыс хатымен марапаттады.
Айта кетсек, мектеп-гимназияда «Жақсылық жасап жарысайық!» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылған болатын. Аталған шараға мектептің 17 класс жетекшісі мен 300-ге жуық оқушысы мен ата-аналар қатысып, игі іс жасауға өз үлестерін қосты. Акция барысында мектеп оқушылары мен ата-аналар қарттар мен сәбилер үйіне, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына, ауыр сырқатпен ауырып жатқан дәрменсіз жандардың отбасына көмек көрсетіп, жәрмеңке жасап, көше тазалаушыларға сусындар мен тәтті тоқаштар таратып, қала аумағының тазалығына ат салысты.