ОБЛЫС ӘКІМІ Ә.ДЕРБІСАЛИН АТЫНДАҒЫ МЕКТЕПТЕГІ "БІЛІМ ALL" ЖОБАСЫНЫҢ ЖҮРГІЗІЛУ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ОБЛЫС ӘКІМІ Ә.ДЕРБІСАЛИН АТЫНДАҒЫ МЕКТЕПТЕГІ "БІЛІМ ALL" ЖОБАСЫНЫҢ ЖҮРГІЗІЛУ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов Саралжын ауылдық округінің Кемер ауылындағы Ә.Дербісалин атындағы мектептің базасымен танысты.

Оқу орнында 175 бала оқиды, оның ішінде 6-11 сыныптардың 60 оқушысы - «BILIM ALL» бірегей жобасының қатысушылары.

Өңірлік жобаны іске асыру Қазақстанда алғаш рет Ақтөбе облысында 2022 жылы «Ауыл аманаты» аясында басталды.

Мектеп ұстаздарымен әңгімелесу барысында Ералы Тоғжанов шағын жинақты ауыл мектептері оқушыларының білім деңгейін арттыру үшін осы жобаның маңыздылығын атап өтті.

Облыстың үздік мұғалімдері онлайн режимде 5 негізгі пән бойынша 120 шағын жинақты мектептің 10 мыңнан астам оқушысын оқытуда. 4 мың оқушысы бар 84 шағын жинақты мектеп ауылдардың сапалы және жоғары жылдамдықты интернетіне қол жеткізу мәселесін шешкеннен кейін білім беру жобасына енгізіледі.

Жоба іске асырылған бірнеше айда ауылдық және қалалық мектептер арасындағы білім деңгейіндегі айырмашылық 15%-дан 11,5%-ға дейін төмендеді.