НЗМ Ақтөбе облысының мектептеріне әдістемелік қолдау көрсетуде

НЗМ Ақтөбе облысының мектептеріне әдістемелік қолдау көрсетуде

Бүгінде Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұйымдастыруымен бүкіл ел бойынша «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы іске асырылуда.

Аталған іс-шара аясында Назарбаев Зияткерлік мектептері өңірлердегі ауылдық және жалпы білім беретін мектептермен әдістемелік жұмыс жүргізуде.
Ақтөбе облысында Бестамақ ауылдық тірек мектебінің базасында оқу семинары ұйымдастырылды. Ауылдық мектептердің 80-ге жуық педагогі, облыстық әдістемелік орталықтың әдіскерлері сабақты тиімді оқыту мен жоспарлаудың, мектепте білім беру ресурстарын пайдаланудың, білім беруде прогрессивті тәсілдерді енгізудің озық әдістемелерін зерделеді.

Сонымен қатар, Ақтөбе қаласының информатика, робототехника, химия және биология пәндерінің мұғалімдері STEM кабинетінің мысалында мектеп жобаларын құру тәжірибесімен бөлісті.

НЗМ командасының екікүндік жұмысының нәтижесінде Бестамақ ауылындағы мектепте оқу қызметінің бағыттары бойынша жеті мектеп командасы, Тәлімгерлік мектебі құрылды. Мұғалімдерден құралған команда мектепішілік курстарды ұйымдастыру және өткізу бойынша өз жұмысын бастайды, бұл педагог-әріптестердің кәсіби әлеуетін айтарлықтай арттырады.

Бұл күндері оқу семинары Ақтөбе қаласындағы №39 мектеп базасында жалғасуда. Оған облыс орталығы мектептерінің 100 педагогы қатысуда.

НЗМ бұдан әрі мектептерге және өңір педагогтерінің кәсіби дамуына әдістемелік қолдау көрсетуге ниетті екенін атап өтті.