
Азаматтық қорғаныс айлығы шеңберінде облыс аумағында «21күндік қауіпсіздік» акциясы жарияланды.
Әдет 21 күн ішінде қалыптасады. Қауіпсіз өмір сүру үшін біз, ата - аналар мен балаларды жаңа мінез-құлық үлгісін жасауға шақырамыз. Ол үшін біздің «21 күндік қауіпсіздік» жаңа челленджінің тапсырмаларын күн сайын орындау қажет.
Құтқарушылардың телефон нөмірлерін жаттау, үйіңізді қауіпсіз күйге келтіру, ойнау кезінде қауіпсіздік ережелеріне үйрету және «Құтқарушы күшік ПИП» анимациялық сериясының кейіпкерлерімен достасу және тағы басқада ережелер.
Челленджге қатысу үшін:
- біздің күнтізбені жүктеп алыңыз (ата-аналар мен балалар үшін);
- оны көрнекті жерге қойыңыз;
- балаңызбен бірге күнделікті челлендж тапсырмаларын орындаңыз.
Осы айды қызықты және қауіпсіз өткізіңіз!
Күнтізбені жүктеу үшін мына сілтемеге өтіңіз: https://cloud.mail.ru/public/skTg/EZtPY3hU4