Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасында darabala.kz. порталының жұмысы жөнінде жергілікті атқарушы органдармен кездесу өтті.
Кездесуде Облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Асхат Ізбасар мен darabala.kz порталын құрастырушы Мақсат Бисекенов портал жұмысына енгізілген өзгерістер туралы таныстырды.
Кездесу барысында өрт қауіпсіздігіне, бейнебақылау камераларын орналастыру, балаларға арналған анықтамаларды жүктеу, ваучерлерді растау, жертөле қабаттары үшін СЭС нормалары бойынша сұрақтар қойылды.
Естеріңізге сала кетейік, биыл Ақтөбе облысындағы балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс есебінен 6000 тегін орын ашылады. 7 бағыт бойынша балалар үйірмелерінің тізімі бекітілді. Бір бала тек бір үйірмеге тегін қатыса алады.
Айта кетсек, 13-17 наурыз аралығында кәсіпкерлер осы қызмет түрлеріне құжаттар тапсырып, мемлекеттік тапсырысқа қатыса алады.