«DARABALA.KZ» ПЛАТФОРМАСЫНЫҢ ЖАҢА ЖҰМЫС БАҒЫТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

«DARABALA.KZ» ПЛАТФОРМАСЫНЫҢ ЖАҢА ЖҰМЫС БАҒЫТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

 Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасы жанындағы Адами капиталды дамыту және әлеуметтік саясат Комитеті мен Шағын орта бизнес комитетінің бірлескен отырысы өтті.

Отырыста ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығына сәйкес жергілікті атқарушы органдар тарапынан балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру талаптары, "Darabala.kz" платформасының жаңа жұмыс бағыттары қаралып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Айта кетсек, 2021 жылы балаларға қосымша білім беру үшін мемлекеттік тапсырыс институты енгізілді. Жекеменшік білім беру ұйымдарына шығармашылық, спорт және білім салалары бойынша тапсырыс орналастырыла бастады.

Біздің облыста бұл процесс 2 платформа арқылы жүзеге асырылды. Оның біреуі – «Артспорт» болса, екіншісі білім саласы бойынша – «ОдоАқтөбе».

Қазіргі таңда «ОдоАқтөбе» платформасы жетілдіріліп, үш бағытта жұмыс жасауға бейімделді. «Darabala.kz» атауы берілді. «Артспорт» порталындағы жинақталған ақпарат толығымен «Darabala.kz» платформасына енгізілді.

Жаңа платформаның ерекшеліктері: 1 бала – 1 үйірме қағидаты сақталған; платформа авторлық құқық иеленген, платформа мемлекет меншігіне алынған, тек жсн-мен тіркелу мүмкіндігі, бос орындар мен кезектіліктің ашықтығы.