АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША "ПЕДАГОГТІ ҚОРҒАУ" ТЕЛЕГРАМ ЧАТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША "ПЕДАГОГТІ ҚОРҒАУ" ТЕЛЕГРАМ ЧАТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Мемлекет басшысының қолдауымен елімізде алғаш рет мұғалімдердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданды. Мұғалімдердің құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Ақтөбе облысының білім басқармасы «Педагогті қорғау» Telegram-чатын іске қосты. Telegram-чатқа түскен барлық ақпарат тексеріледі. Мамандарымыз жедел түрде кері байланыс жасап, мұғалімдердің әрбір өтінішіне жауап береді және қажет болған жағдайда тиісті шараларды қабылдайды. Telegram-чат мұғалімдердің құқықтарын бұзу фактілерін барынша азайтуға көмектесетініне сенеміз.

Педагогтер чатқа мына сілтеме арқылы қосыла алады: https://t.me/+MRKdLdRMCBI1N2Qy