Бүгін «Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Бүгін «Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Бүгін "Нұрсәт" балабақшасында «Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған Президент Іс Басқармасы Медициналық орталығының "Қарлығаш" балабақшасының өкілдері мен Ақтөбе облысының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты.

Семинардың бірінші бөлімінде елордадан келген әріптестер "Қарлығаш" желілік балабақшасының моделі бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, презентация ұсынды. Семинарда сөз алған Бибігүл Қазақпаева "Ақылды балабақша" жүйесін құрудағы тиімді әдістерге тоқталды. Бүлдіршіндерге тәлім-тәрбие беру жұмысын ұйымдастыру, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде креативті тәсілдерді енгізудегі бастамаларымен де бөлісті.

Сонымен қатар, жаңа білім беру моделінде қазір өзекті ЕCERS-3 бағалау шкаласы да талқыланды.