ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов Хромтау ауданындағы тау-кен техникалық жоғары колледжінің жұмысымен танысты

Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжі Батыс өңірінде тау-кен металлургия саласы үшін мамандар даярлайтын жалғыз оқу орны. Мұнда мыңнан астам студент оқиды.

Колледж бен Дөң тау-кен байыту комбинаты кәсіпорны арасында тамыры терең байланыс орнатылған, білім беру бағдарламаларында дуалды оқыту жүйесі қолданылады.

Жыл сайын түлектердің 100%-ы жұмысқа орналасады. Колледж базасында тау-кен металлургия саласы үшін Құзыреттілік орталығы ашылды, елді мекендерде азаматтарды оқытатын мобильді орталық жұмыс істейді.

«Жас маман» жобасы бойынша оқу орнына 323,2 млн.теңге бөлінген, сондай-ақ «Жаңа кәсіптер атласы», «Колледждерге арналған ERG», «Экожүйе» және т.б. жобалар жүзеге асуда. Колледждің әлеуметтік серіктестермен жұмыс тәжірибесі Қазақстандағы оң тәжірибелердің бірі ретінде танылады.