Білім басқармасы Ақтөбе қаласының арнайы (түзету) мектепке дейінгі ұйымдардағы және жалпы үлгідегі балабақшалар базасында ұйымдастырылған арнайы (түзету) топтардағы бос орындар туралы мәлімет balabaqsha.akt.kz сайтында жарияланатынын хабарлайды.
Жолдама алу үшін balabaqsha.akt.kz сайтына электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалану арқылы кіруге болады. Арнайы (түзетімді) мектепке дейінгі ұйымдар әр дүйсенбі сайын бос орындар туралы мәліметті balabaqsha.akt.kz сайтына орналастырады. Алғашқы 3 жұмыс күні ішінде бос орындар кезекте бірінші тұрған ата-аналар үшін қолжетімді болады.
Егер кезекте бірінші тұрған ата-аналар 3 жұмыс күні ішінде жолдама алмаса, онда жолдаманы жалпы кезекте тұрған ата-аналар ала алады.
Қазіргі уақытта бір балабақшадан екінші балабақшаға ауысу қарастырылмаған. Арнайы (түзетімді) балабақшаға жолдама алу үшін балаңызды барып жүрген балабақшасынан арыз жазып шығару керек.
Бүгінгі күні balabaqsha.akt.kz сайтында ерекше білім алуға қажеттілігі бар балалар үшін 93 бос орын орналастырылды.
2022 жылғы 9 қаңтарға Ақтөбе қаласының арнайы (түзету) мектепке дейінгі ұйымдарындағы және жалпы үлгідегі балабақшалар базасында ұйымдастырылған арнайы (түзету) топтардағы бос орындар саны туралы мәлімет (жаңа бос орындар)
№ |
Мектепке дейінгі ұйымның атауы |
Барлығы |
жасы бойынша бос орындар саны: |
|||||||
2017 жылы туған жылы |
2018 жылы туған жылы |
2019 жылы туған жылы |
2020 жылы туған жылы |
|||||||
қазақша |
орысша |
қазақша |
орысша |
қазақша |
орысша |
қазақша |
орысша |
|||
Сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар балаларға арналған |
||||||||||
1 |
"Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Алма" сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы балабақша" коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
58 |
27 |
31 |
|
|
|
|
|
|