Жаңа жыл құтты болсын!

Жаңа жыл құтты болсын!

Құрметті педагогтер және білім беру саласының қызметкерлері!

Бұл сәт - өткен жылға ризалық, жаңа жылға тілек айтатын айрықша сәт! Өтіп бара жатқан жыл бірлік пен берекенің, тұрақтылық пен татулықтың жылы болды.
Білім беру саласында да айтарлықтай жаңалықтар орын алып, жақсы көрсеткіштерге қол жеткіздік. Біз Тәуелсіздігіміздің тұғырлы, мемлекетіміздің ғұмырлы болуын қалаймыз. Сол үшін алда келе жатқан жылдан үлкен үміт, көп жақсылық күтеміз.
Құрметті ұстаздар! Жаңа жыл жақсылығын ала келсін! Отбасыларыңыз әрдайым қуанышқа бөлене берсін! 2023 жыл еліміз үшін құтты жыл болсын! Баршаңызға бақыт тілейміз! Жаңа жылдарыңызбен!

Ақтөбе облысының білім басқармасы