Ақтөбелік NIS оқушысы Санжар Хамитов IGeO-2022 халықаралық география олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбелік NIS оқушысы Санжар Хамитов IGeO-2022 халықаралық география олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды

Бүгін IGeO-2022 халықаралық география олимпиадасы аяқталып, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы алтын медаль жеңіп алғаны белгілі болды. Бұл ел тарихындағы осы олимпиададағы екінші алтын медаль.

Биыл Парижде қашықтан ұйымдастырылған зияткерлік жарыс әлемнің 54 елінен 216 жас географтың басын қосты. Қатысушылар жазбаша әрі мультимедиалық тестілеуден және картографиялық бейнелеу тапсырмаларынан бақ сынасты, нәтижесінде Қазақстан Ұлттық құрама қомандасының атынан қатысқан ақтөбелік оқушы IGEO – 2021 жарысының жеңімпазы атанды.

Санжар ол үшін география әрқашан ерекше пән болғанын мойындайды. Ал, олимпиадаға қатысуы ол үшін географиядан барлық білімі мен дағдыларын көрсетудің тағы бір мүмкіндігі болды. Оның жеңіске жетуіне ел тарихында алғаш рет өткен жылы осы олимпиадада алтын медаль алған Рустам Валеев көмектесті.

  • IGeO-ға бір рет болса да қатысуды армандап, 9-сыныптан бері тынбай оқуды, дайындалуды тоқтатқан жоқпын. Бұл маған қаншалықты нәтижесіз болып көрінді, бас тартқым келген сәттер көп болды. Сондықтан да болар, нәтижені көргенде, мен бұл медальға қол жеткіздім дегенге сенбедім. Менің жеңісімнің себебі – басқаларға қарағанда дайындығымның артық болуы деп ойлаймын, – деді Санжар Хамитов.

Асхат Аймағамбетов биылғы жылы олимпиада жеңімпаздары алғаш рет ақшалай сыйлық алатынын атап өтті. Сонымен қатар, мектепішілік олимпиада жеңімпаздары ҰБТ-дан өтпей-ақ отандық жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік алады.

  • Биылғы жылы осы олимпиадалардың жеңімпаздары алғаш рет бұрын-соңды болмаған қолдау шараларына ие болады. Президент тапсырмасы бойынша сыйақы төлеу және ҰБТ-дан өтпей отандық ЖОО-ға қабылдау қарастырылған. Алтын медаль алған оқушыға 4,5 миллион теңгеден астам ақшалай сыйлық, күміс медальға 3 миллион теңгеден астам, қола медальға 1,5 миллион теңгеден астам ақшалай сыйлық беріледі. Мектеп оқушыларын жарысқа дайындаған ұстаздар да төлемақы алады, деп хабарлады ҚР Білім министрі.

Айта кетейік, Санжар Хамитов география пәні бойынша биылғы EGeО – 2022 Еуропалық олимпиадада жеңімпаз атанған болатын. Ол жоғары лиганың 16-19 жас аралығындағы қатысушылары арасында абсолютті жеңімпаз атанды.