«БАЛАЛАР ЖЫЛЫ» АЯСЫНДА ХРОМТАУЛЫҚ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

«БАЛАЛАР ЖЫЛЫ» АЯСЫНДА ХРОМТАУЛЫҚ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

27 сәуір күні «Балалар Жылы» аясында «Кемел келешек кілті — білімде» атты Хромтау ауданында оқушылар шеруі өтті.

Шеруге ауданның 300-ге жуық​ дарынды оқушылары қатысты. Шара жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада да жоғары нәтиже көрсеткен және өнер, ән, шығармашылық пен музыка саласында жүрген облыстық, республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпаздары​ - дарынды оқушыларды марапаттау, ынталандыру және қолдау бағытында ұйымдастырылды.

Дарынды балалар шеруінде аудан әкімінің орынбасары Мадияр Рақымжанұлының бастауымен Ақтөбе білім басқармасының басшысы Жолдас​ Нұрланұлының атынан​ 2021-2022 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиада нәтижесінде​ «Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде көрсеткен үздік нәтижелері үшін​ «Үздік олимпиадалық​ команда-2022» номинациясы бойынша жүлделі​ 🥈 орын иеленген Хромтау ауданының командасы, «Үздік жалпы білім беретін мектеп - 2022» номинациясы бойынша жүлделі 🥈 орын иеленген​ №4 Хромтау орта мектебі және республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінде жүлделі​ 🥉 орын иеленген №7 Хромтау мектеп - гимназиясының оқушылары, Республикалық олимпиада жеңімпаздары және өнер, ән, шығармашылық және музыка саласында жүрген дарынды оқушылар марапатталды.

Шеру соңында​ оқушыларды білім додасына дайындаған пән мұғалімдері Хромтау аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ ұйымы бірлескен арнайы алғыс хаттармен және​ аудандық кәсіподақ ұйымы атынан қаржылай сыйақымен марапатталды.