Басқарма басшысы BTS Education өкілдерімен кездесті

Басқарма басшысы BTS Education өкілдерімен кездесті

Бүгін, 22 сәуір күні басқарма басшысы Жолдас Батырхан "BTS Education" ЖШС өкілдерімен кездесіп, жаңа мамандықтар атласын талқылап, өңірдегі колледждерде ашылатын жаңа мамандықтардың мәселесі пысықталып, аталған компаниямен бірлесе отырып облысқа қажетті кадрларды дайындау бойынша пікір алмасты.

Қазіргі уақытта "Колледждер үшін ERG" жобасын іске асыруға дайындық жүргізілуде, оның шеңберінде Ақтөбе облысының ТжКБ ұйымдарындағы пилоттық білім беру бағдарламаларын жаңарту және түзету рәсімдерін өткізу жоспарлануда.
Бұл жоба алдағы 5 жылға еңбек нарығының қажеттіліктерін болжауға мүмкіндік береді. Талапкерлердің өзін-өзі анықтауы үшін кәсіби диагностика жүргізу мүмкіндігі болады, яғни бұл жүйе балалардың дағдылары мен бейімділігін анықтауға және жоғары сынып оқушыларының кім болғысы келетінін түсінуге көмектеседі.

- "Колледждер үшін ERG" жобасын іске асыру біздің өңір үшін стратегиялық маңызды, өйткені бұл өңірлік экономиканың өнеркәсіптік өсуі үшін кадрларды даярлауға арналған сұранысты жұмыс берушілермен келісудің қолайлы құралы және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлау проблемаларын заманауи деңгейде шешуге мүмкіндік береді, - деп атап өтті басқарма басшысы кездесуде.