Басқарма басшысының орынбасары тағайындалды

Басқарма басшысының орынбасары тағайындалды

Бүгін, конкурстық комиссия шешіміне сәйкес басқарма басшысының бұйрығымен Жаманбаева Дина Ұзақбайқызы орынбасар лауазымына тағайындалды.

Жаманбаева Дина Ұзақбайқызы 1993 жылы Абай атындағы мемлекеттік университетін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп, еңбек жолын М. Құсайынов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мектеп – интернатында бастаған.

Кейін Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика - математика мектеп-интернатының педагогі, Ақтөбе қаласы білім бөліміне қарасты ғылыми - әдістемелік үйлестіру орталығының әдіскері, Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасына қарасты тілдерді оқыту орталығының бөлім басшысы, Ақтөбе облыстық ғылыми - тәжірибелік орталығы директорының орынбасары болып еңбек етті. 2021 жылдың 5 сәуірінен жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Ақтөбе облыстық ғылыми - тәжірибелік орталығының директоры болып қызмет атқарды.

Ол өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді оқытуға арналған электрондық оқулықтардың, үш тілді оқытуға арналып шығарылған көмекші құралдардың және НЗМ баспасынан шыққан оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептердің 3 класс оқулығының авторы.


Дина Ұзақбайқызы техникалық және кәсіптік білім беру, инклюзивтік білім беру, балалардың құқықтарын қорғау, ерекше білім беруді қажет ететін балаларға жағдай жасау бағыттарына жетекшілік ететін болады.

Ақтөбе облысы білім басқармасының баспасөз қызметі