Ақтөбедегі Назарбаев Зияткерлік мектебіне құжат қабылдау басталды

Ақтөбедегі Назарбаев Зияткерлік мектебіне құжат қабылдау басталды

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2022-2023 оқу жылында Ақтөбе қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-сыныптарында білім алу үшін үміткерлерге «Өркен» білім беру грантын тағайындауға конкурс жариялайды.

Зияткерлік мектепке түсуге іріктеу конкурсына қатысу үшін қабылдау комиссиясына үміткер келесі құжаттарды тапсырады:

1) Конкурсқа қатысу үшін өтініш беру; 

2) Сауалнама толтыру (қабылдау комиссиясында толтырылады); 

3) Үміткердің ЖСН нөмірі көрсетілген туу туралы куәлігінің көшірмесі,  ата-анасының (заңды өкілінің) ЖСН көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі; 

4) Үміткердің 5-сыныпты аяқтағаны туралы жылдық табельдің және 6-сыныптың І/ІІ тоқсанын аяқтағаны туралы табельдердің көшірмесі; (табельде мектеп директорының қолы және білім беру ұйымының мөрі болуы қажет)

5) Үміткердің 3х4 және 1 мб форматындағы 1 дана электронды фотосуреті немесе үміткердің фототүсірілімі құжат тапсыру кезінде қабылдау комиссиясында жасалынады.     

Фотосурет ақшыл түсті фонда қатаң анфаста орындалады, бейтарап бет көрінісі мен ауызы жабық болуы қажет, бет пішіні фотосуреттің жалпы көлемінің 75% алуы тиіс. Компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшірмелеу әдісімен жасалынған суреттер қабылданбайды. Суретке түсіру кезінде бас киім және көзілдірік рұқсат етілмейді. Көздері ашық, анық көрінетін және шашымен жабылмаған. Фотосуреттің көлемі 450х600 пиксельден кем емес рұқсат ету шамасымен 600 пиксель/дюйм (dpi) төмен емес болуы тиіс. 

Көрсетілген барлық құжаттар пластикалық тезтікпеге салынады.

Қабылдау комиссиясының жұмыс тәртібі:⁣⁣⠀

  • Дүйсенбі-жұма күндері 9.00-ден 18.00-ге дейін,
  • Сенбі күні 9.00-ден 13.00-ге дейін.

Түскі үзіліс уақыты: 13.00-14.00-ге дейін

Тестілеу 2022 жылғы 14-15 сәуір күндері өтеді.

Санитарлық талаптарды сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қабылдау комиссияға келу үшін арнайы ОНЛАЙН БРОНДАУ қызметін пайдаланып, кезекке тіркелу керектігін хабарлаймыз.

Құжаттар тізімі, брондау қызметі, конкурстық тапсырмалар үлгілері және тағы басқа сұрақтар бойынша ақпаратты akb.nis.edu.kz сайтынан көруге болады.

Құжат қабылдау мекен-жайы: Ақтөбе қ., Батыс 2 м.а., Мәңгілік ел к. 8.

Телефон: 8 (7132) 70 47 80

Құжаттарды қабылдамауға негіз болып табыла алады:  

1) конкурстық іріктеуге қатысуға белгіленген мерзімінен өтінішті кешіктіріп берген жағдайда; 

2) құжаттары толық болмаған жағдайда.