Сәлеметсіз бе! Енді БЖЗҚ-да шот ашу үшін өтініш жазудың қажеті жоқ екенін жаңалықтардан естіп қалдым. Салымшының қатысуынсыз шот ашылса, азамат туралы ақпаратты қалай аласыз?

Сәлеметсіз бе! Енді БЖЗҚ-да шот ашу үшін өтініш жазудың қажеті жоқ екенін жаңалықтардан естіп қалдым. Салымшының қатысуынсыз шот ашылса, азамат туралы ақпаратты қалай аласыз?

Иә, расында да ЖЗҚ-дағы барлық жеке зейнетақы шоттар автоматты түрде ашылады.

Зейнетақы жарналарын есепке алу үшін жеке зейнетақы шоттарын (ЖЗШ) ашу тәртібінің қай уақыттан күшіне енгенін естеріңізге салып өтейік: 

- міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) – 2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап;

- ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ)  –  2021 жылдың 1 мамырынан бастап;

– міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ)  –  2021 жылдың 26 қазанынан бастап.

Шотына зейнетақы жарнасы аударылған жеке тұлғаны сәйкестендіру төлем тапсырмасында көрсетілген оның дербес деректері (ТАӘ, ЖСН, туған күні) бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте БЖЗҚ тұлғаның жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжаттың деректемелері, тұратын жері және басқа да барлық қажетті мәліметтерді Мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алады.