Президенттік жастар кадр резерві

Президенттік жастар кадр резерві

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Президенттік жастар кадр резервіне екінші іріктеу жүргізіледі, оның қорытындысы бойынша 50  адам  Резервке алынады.

Іріктеуге 35 жастан аспаған, жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар, сондай-ақ мемлекеттік тілді орташа деңгейден төмен емес деңгейде білетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

 Резервте болу мерзімі 3 жылды құрайды.

 Резервке алынған адамдар мемлекеттік саяси лауазымдарға, «А» корпусының әкімшілік,  «Б» корпусының басшы және А санаттар тобының лауазымдарына тағайындалуы мүмкін.

Резервке алу үшін үміткерлерге келесі кезеңдерден өту керек:

1) күрделі сандық және мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау;

2) ситуациялық тапсырмаларды шешу;

3) құзыреттерді бағалау;

4) Сарапшылық комиссияда әңгімелесу;

5)Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы.

Кезеңдедің  басым бөлігі онлайн режимінде өтеді.

Құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап арнайы әзірленген pkrezerv.gov.kz цифрлық платформада онлайн режимде жүргізіледі деп жоспарлануда.