2021-2022 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

2021-2022 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

Ақтөбе облысы әкімдігінің 15.02.2021 жылғы №39 "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар кадрларын даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия туралы" қаулысымен өңірлік комиссияның құрамы бекітілді.

         "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" ҚР БҒМ 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығына сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар жасақталған.

         Конкурсқа қатысуға меншік нысанына қарамастан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары жіберіледі.

         Білім беру мемлекеттік тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа қатысуға ниет білдірген барлық білім беру ұйымдары 2021 жылғы  1, 2 маусым күндері (сағат 9:00 -ден 20:00 –ге дейін) Ақтөбе облысы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" бөлімдері, сондай-ақ "электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz. арқылы құжаттар топтамасын ұсынуы тиіс.

         Құжаттарды қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жүзеге асырылады.

 

2021-2022 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға облыстық бюджет қаржысы есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы