Хабарландыру!!!

Хабарландыру!!!

 Ақтөбе облысының білім басқармасы елдегі пандемияға байланысты "Үздік педагог" атағын беру конкурсының І-кезеңіне өтініштер 12-17 мамыр аралығында, ІІ-кезеңге 25 мамырдан бастап өтініштер қабылдау жүргізілетінін хабарлайды.

          Конкурс "Үздік педагог" атағын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 157 бұйрығына сәйкес меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан облыстың білім беру ұйымдарының педагогтарының арасында «Үздік педагог» атағына лайықты тұлғаны айқындау үшін өткізіледі.

       «Үздік педагог» атағы бір адамға он жыл ішінде бір реттен артық берілмейді.

      Конкурсқа мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін білім беру ұйымдарының педагогтері қатысады:

     - білім беру ұйымдарының штаттағы педагогтері болып табылатын;

      -конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үзіліссіз педагогикалық өтілі бар.

      Конкурстың I кезеңі – аудандық (қалалық) білім бөлімдері, басқармаға бағынысты білім беру ұйымдары  жанынан құрылған конкурстық комиссияға білім беру ұйымдары үміткерлердің құжаттары мен материалдарын электронды форматта ұсынады:

      1) Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

      2) білім беру ұйымдарының басшылары растаған педагогке арналған ұсыныс;

      3) жұмыс орны бойынша расталған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;

      4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      5) білім беру ұйымының Комиссия отырысының хаттамасынан үзінді және қазақ және орыс тілдерінде ұсыныс;

      6) электронды тасымалдағыштағы жазылған оқу сабақтары;

      7) оқыту тіліндегі портфолио (педагогтің портфолиосының құрылымы осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген);

      8) эссе;

      9) Қағиданың 3-қосымшасында көрсетілген техникалық шарттарға сәйкес бейнеролик.

      I кезеңінің қорытындысы бойынша жеңімпаздардың құжаттары мен материалдары ауданның (қаланың) білім бөлімдері арқылы электронды форматта екінші кезеңге білім басқармасы жанынан құрылған конкурстық комиссияға ұсынылады.

       Конкурстың II кезеңі – облыста маусым айында өткізіледі, онда үшінші кезеңге қатысуға ұсынылған Конкурс жеңімпаздары анықталады, нәтижелері бойынша жеңімпаздар үшінші кезеңге қатысуға жіберіледі.