Облыстың білім саласының 2020 жылғы атқарған жұмыстары мен 2021 жылға алға қойған міндеттері талқыланған кеңес

Облыстың білім саласының 2020 жылғы атқарған жұмыстары мен 2021 жылға алға қойған міндеттері талқыланған кеңес

Ағымдағы жылғы 20 қаңтарда облыс әкімінің орынбасары М. Шермағанбеттің төрағалығымен облыстың білім саласының 2020 жылғы атқарған жұмыстары мен 2021 жылға алға қойған міндеттері талқыланған кеңес өтті. Кеңеске білім басқармасының басшылары мен орынбасарлары, бөлім басшылары, Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдерінің орынбасарлары, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің басшылары қатысты. Кеңес барысында басқарма басшысы Л. Уразбаева білім саласының қазіргі ахуалы мен алда атқарылатын жұмыстар туралы баяндады. Кеңес соңында басқарма мен аудан әкімдеріне, білім бөлімдеріне біркатар тапсырмалар берілді.