Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

      Бүгін 28 желтоқсан күні облыстың ардагер ұстаздарын Жаңа жыл мерекесімен  құттықтау шарасы өтті. Биылғы еліміздегі қиын жағдайға қарамай  ардагер ұстаздарымыз да білім саласының дамуына қолдау білдіріп, игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін көрсетті.  

     Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Л. Уразбаева,  «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің  төрайымы Р. Серікова, «Ақтөбе облысы және Ақтөбе қаласы білім беру қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы  Л. Уралбаева ZOOM  қосымшасы арқылы онлайн режимінде облыстың еңбек ардагерлерін құттықтады. Шара барысында тосынсый ретінде  ұйымдастырушылар  атынан облыстың ардагер ұстаздарына сыйлықтар табысталып, музыкалық сәлемдеме  жолданды.

       Облыс ардагерлері ұйымдастырушылар мен қатысушыларға  құттықтаулары,  шынайы лебіздері мен алғыс сезімдерін білдірді.

 

Ұйымдастыру комитеті