2020 жылғы 28 желтоқсанда Ақтөбе облысының білім басқармасының кезекті алқажиыны өтті.

2020 жылғы 28 желтоқсанда Ақтөбе облысының білім басқармасының кезекті алқажиыны өтті.

2020 жылғы 28 желтоқсанда Ақтөбе облысының білім басқармасының кезекті алқажиыны өтті. Онлайн форматта Zoom платформасы арқылы өткен Алқажиынға алқажиын мүшелері, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары, облыстық мамандандырылған және арнайы білім беретін мектеп-интернаттарының, колледж директорлары қатысты.
Күн тәртібінде облыстағы орта, техникалық және кәсіптік білімнің сапасын арттыру жолдары мен қабылданған шаралар туралы (басқарма басшысының орынбасарлары Г.Сулейменова, Н.Бертлеуова), Білім беру жүйесін цифрландыру бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуы (басқарманың жетекші маманы Е.Маяемеров), ҚР білім беру мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жаңартылған мазмұнмен қамтамасыз ету бөлігінде орындалуы (басқарманың бас маманы Р.Жамансарина), ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен өткізілген профилактикалық бақылау кезінде анықталған кемшіліктер бойынша (басқарманың бас маманы Б.Айтбаева) сұрақтар қаралды.
Алқажиын барысында қаралған сұрақтар бойынша мектепке дейінгі білім беру саласының, орта білімнің, техникалық және кәсіптік білім беру білім сапасының, цифрландыруға қатысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасында жоспарланған индикаторлар мен көрсеткіштерді орындау мәселесі пысықталып, білім бөлімдері мен білім беру ұйымдарына бірқатар тапсырмалар берілді.