«ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ҮРДІСІН ТИІМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ШЕБЕР-КЛАСС ӨТТІ

«ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ҮРДІСІН ТИІМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ШЕБЕР-КЛАСС ӨТТІ

«Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернаты педагогтерінің үздік тәжірибесін тарату мақсатында 2020 жылғы 10 желтоқсанда математика, физика, химия, биология, орыс тілі мен әдебиеті, дене тәрбиесі, робототехника пәндері бойынша ZOOM платформасы арқылы «ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ҮРДІСІН ТИІМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ» атты облыстық шебер-класс өткізді.

Шебер-класқа 12 аудан және Ақтөбе облыстық мамандандырылған білім беру ұйымдарынан - барлығы 336 педагог қатысты. Шебер-класта  Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының үздік педагогтері “Қашықтықтан оқытуда қолданылатын тиімді платформалар мен қосымшалар”(Нажмадинов М.А), “Жаңа материалды түсіндірудегі интернет-платформалардың тиімділігі”(Саржанов О), “Қашықтықтан оқыту форматында дарынды балалармен шығармашылық бағытта жүргізілетін жұмыстар”(Арызахметов Е.А), “Шет елдердегі қашықтықтан оқыту.Айырмашылығы мен ерекшеліктері”(Зейнулла Р.А), “Оқушылардың білім сапасын арттыру quizizz.com программасының тиімділігі”(Бозшин Б.Ж), “Виртуалді түрде эксперименттерді жүргізу”(Құлбатыр Ж), “Робототехниканың негізгі жарыстары”(Сулейманов Б.Ж), “Оқушылардың қашықтықтан оқыту құзыреттіліктерін қалыптастыруда Edu page платформасы мен Online test pad программаларының жүзеге асырылуы”(Тілеп А.С), “Қашықтықтан оқыту барысында химия пәнінен жиынтық бағалауды ұйымдастыру”(Аяуова Р.К, Рамазанова А.С), “Қашықтықтан оқыту кезінде биология пәнінен берілетін тапсырмалар”(Алгазина Н.С), “Қашықтықтан оқыту жағдайында дене тәрбиесі сабағында қолданылатын әдіс-тәсілдер”(Көбенов И.Қ), “Қашықтықтан оқыту барысында орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында сын тұрғысынан ойлауды дамыту”(Султанмуратова А.Н, Куписова Н.А) тақырыптарында дәріс беріп, іс-тәжірибелерімен бөлісті.