Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу

Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Н.Бертлеуова үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу ұйымдастырды.

Қабылдауға Қазақстан Республикасы «Қызыл  Ай Қоғамы»  ҚБ Ақтөбе Облыстық Филиалының басшысы Н.Үдербай,  «Мұғалім» дайындық мектебінің басшысы Ю.Савченко, «Жергілікті соғысқа қатысушылардың жауынгерлік бауырластығы» ҚҚ басшысы Г.Галеев,  «РАСтемка аутизмі бар балалардың ата-аналарының ассоциациясы ҚБ басшысы С.Кенжебекова, «Ана Ниет» ҚБ басшысы М.Утегенова және «XXI ғасыр таланттары» ҚҚ басшысы Д.Ниязовакелді.

Кездесу мақсаты мемлекеттік мекемемен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы салалық ынтымақтастықты кеңейту.

 Кездесу барысында үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің бірқатар ұсыныстары талқыланды.