«10 күн өндірісте» акциясы аясында Ақтөбе облысының колледж студенттері кәсіпорындармен танысуда

«10 күн өндірісте» акциясы аясында Ақтөбе облысының колледж студенттері кәсіпорындармен танысуда

Акция аясында Ақтөбе облысының колледж студенттері кәсіпорындардың жұмысымен, өндірістік үдерістермен және таңдаған мамандықтарының ерекшеліктерімен танысуда.
 Бұл жолы Ақтөбе сервис колледжінің студент қыздары «Глобал-Спецодежда» ЖШС базасында болып, тігін өндірісінің жұмысымен және арнайы киім тігу үдерісімен танысты.
Сапар барысында студенттер өндірістік цехтардың жұмысын көріп, технологиялық үдерістермен танысты және кәсіпорынның тәжірибелі мамандарынан практикалық білім алды.
 Колледж бен кәсіпорын арасындағы ынтымақтастық «Тігін өндірісі және киімдерді модельдеу» мамандығы бойынша дуальды оқыту аясында жүзеге асырылуда.
Мұндай кездесулер студенттерге болашақ мамандығының ерекшеліктерін тереңірек түсінуге және теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік береді.