Конкурс өткізу туралы

Конкурс өткізу туралы

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс өткізу туралы хабарландыру

 Конкурс мәні:

Білім беру бағдарламалары топтары бөлінісінде 2026-2027 оқу жылына арналған жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы 40 орын құрады (бакалавриат бойынша) және  білім беру салаларына бөлінді: 6В01 Педагогикалық ғылымдар, 6В02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар, 6B02 Аспаптық орындау,  6В11 Қызметтер.

Конкурс ұйымдастырушысы:

Ақтөбе облысының әкімдігі

Ақтөбе облысының білім  басқармасы

Пошталық мекенжайы: 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40, №542 кабинет, байланыс телефондары: 8 (7132) 74-76-22, +7-700-170-03-74

Конкурс туралы ақпарат:

Конкурс «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы»                       ҚР Білім және ғылым министрінің  2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығына сәйкес өткізіледі.

Конкурс қатысушылары дайындаған конкурстық өтінім мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылады.

Конкурстық өтінім келесі құжаттардан тұруы қажет:

  1. Жоғары оқу орнының өтінімі
  2. Жоғары оқу орнының сауалнамасы
  3. Жоғары оқу орнының ақпараттық картасы
  4. 2026-2027 оқу жылына жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға ұсыныстарды қамтитын конкурстық өтінім.

Берілген қосымшалар электронды форматта zhn.rakisheva@aktobe.gov.kz электронды мекенжайларына ұсынылады.

Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, жоғары оқу орнының бірінші басшысы қол қояды, мөрімен расталады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады.

Конкурстық өтінім конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген сағаттан және күннен кешіктірілмей жіберіледі. Конкурстық өтінімді беру мерзімі аяқталғаннан кейін түскен конкурстық өтінім кешіктірілу себептеріне қарамастан қаралмайды. Конкурстық өтінімдерге оларды беру мерзімі өткеннен кейін қандай да бір өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

ЖАО комиссиясы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген негізгі өлшемшарттарды басшылыққа алатынын ескертеміз.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 14-16 шілде аралығында сағат 17-30-ға дейін.