Ақтөбе облысында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиялары өз жұмысын бастады

Ақтөбе облысында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиялары өз жұмысын бастады

25 маусымнан бастап Ақтөбе облысында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиялары өз жұмысын бастады. Талапкерлер 2026–2027 оқу жылына өңір колледждеріне түсу үшін құжаттарын тапсыра алады.

Биыл Ақтөбе облысында білікті мамандар даярлауға 5 мыңнан астам білім гранты бөлінді. Бұл мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен түлектердің көбірек бөлігінің сұранысқа ие мамандықтарды игеруіне мүмкіндік береді.

Колледжге түсу үшін келесі құжаттар ұсынылуы қажет:

* қабылдау туралы өтініш;
* білім туралы құжаттың (аттестаттың) түпнұсқасы;
* №075-У нысанындағы медициналық анықтама;
* №063 нысанындағы екпе картасы;
* көлемі 3×4 болатын төрт фотосурет;
* жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Құжаттарды қабылдау тікелей колледждерде, сондай-ақ электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады. Қабылдау комиссияларының мамандары талапкерлер мен олардың ата-аналарына оқуға түсу, мамандық таңдау және оқу шарттары бойынша қажетті консультациялық көмек көрсетуге дайын.

Қабылдау мерзімдері мен мамандықтар тізбесі туралы толық ақпаратты өңір колледждерінің қабылдау комиссияларынан алуға болады.