
Цифрлық қауіпсіздік – әрбір адамның қаржысын, отбасын және болашағын қорғаудың негізі.
Бүгін Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінде педагогтер мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне арналған Ашық есік күні өткізілді.
Оқыту тренингі барысында қатысушыларға цифрлық кеңістіктегі өзекті қауіптер, интернет-алаяқтықтың кең таралған схемалары, қаржы пирамидаларының белгілері, банктік шоттар мен жеке деректерді қорғау тәсілдері түсіндірілді.
Іс-шара барысында білім беру саласы мен бюджеттік ұйым қызметкерлерінің цифрлық сауаттылығын арттыруға ерекше назар аударылды. Себебі бүгінде олар мессенджерлер, әлеуметтік желілер және жалған интернет-ресурстар арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттердің негізгі нысанасына айналуда.
Осындай іс-шаралар интернет кеңістігінде қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға, қаржылық сауаттылықты арттыруға және киберқылмыстың алдын алуға ықпал етеді.