Ақтөбе облысында 84 888 оқушы қазақ тілі пәнінен емтихан тапсыруда

Ақтөбе облысында 84 888 оқушы қазақ тілі пәнінен емтихан тапсыруда

 Ақтөбе облысының мектептерінде «Қазақ тілі» пәні бойынша оқушылардың аралық аттестаттауы өтуде.
Емтиханды 5, 6, 7, 8 және 10-сынып оқушылары тапсырады. Облыс бойынша аралық аттестаттауға барлығы 84 888 оқушы қатысуда.
Емтихан жазбаша және ауызша форматта ұйымдастырылған. Оқушылар тыңдалым, оқылым, жазылым және айтылым дағдылары бойынша тапсырмалар орындайды.
Аттестаттаудың негізгі мақсаты — оқушылардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау, сондай-ақ оқу және жазу сауаттылығын бағалау.