Өңірде мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі анықталды

Өңірде мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі анықталды

Байқауға қалалық және аудандық кезеңдердің жеңімпаздары — барлығы 13 педагог қатысты. Іс-шараның мақсаты — мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде үздік педагогикалық тәжірибелерді анықтау, жинақтау және тарату, сондай-ақ заманауи тәсілдерді енгізу.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
Байқаудың Гран-при жүлдесін Хромтау ауданы №8 «Тұлпар» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі Егизбаева Асемгуль Маликовна жеңіп алды.
Бірінші орынды Қобда ауданы «Нұрлы болашақ» балабақшасының тәрбиешісі Жаксыгарина Зинегуль Елюбаевна иеленді.
Екінші орын екі педагогқа берілді: Қарғалы ауданы «Айгөлек» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі Ахметова Аяжан Эрлановна және Ақтөбе қаласы №14 «Қонжық» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі Нурмухамедова Юлия Сергеевна.
Үшінші орынды Алға ауданы Бестамақ ауылындағы «Болашақ» балабақшасының тәрбиешісі Жубатова Асель Уринбаевна, Ойыл ауданы «Асанәлі» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі Жолдаева Жанаргул Ертилеуовна және Шалқар ауданы «Нұрсәт» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі Азаматова Інкәр Қадірбекқызы иеленді.
Сонымен қатар номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды:
«Шебер педагог» — Мұғалжар ауданы «Жансая» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі Аркабаева Ақтоты Амангелдіқызы;
«Өнерлі педагог» — Темір ауданы «Балауса» бөбекжай-балабақшасының музыка жетекшісі Картбаева Гүлсана Мерхатқызы;
«Креативті педагог» — Мәртөк ауданы №2 «Айгөлек» бөбекжай-балабақшасының музыка жетекшісі Бекжанова Фариза Темірханқызы;
«Жаңашыл педагог» — Байғанин ауданы «Шұғыла» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі Токсанбаева Райлан Сағидоллақызы.
Алғыс хатпен Айтекеби ауданы «Аққайың» мектепке дейінгі ұйымының тәрбиешісі Шынбергенова Күнімхан Қайырханқызы және Ырғыз ауданы «Балапан» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі Сәндібек Ақнұр Ертайқызы марапатталды.
Өңірлік кезең жеңімпазы маусым айында Астана қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.