
Іс-шара білім беру ұйымдарында қазақ тілін оқыту мен меңгеруге қолайлы жағдай жасауға бағытталды. Кездесу барысында мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін нығайту, оның қолдану аясын кеңейту, сондай-ақ заманауи технологиялар мен инновациялық тәсілдерді пайдалану арқылы оқыту сапасын арттыру мәселелері қарастырылды.
Сонымен қатар оқушылардың ана тіліне деген қызығушылығы мен құрметін қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Іс-шара барысында тілдің қазіргі қоғамдағы даму бағыттары талқыланып, тәжірибелік воркшоптар ұйымдастырылды. Қазақ тілі мұғалімдері оқытудағы жаңа тәсілдерді ұсынып, білім беру үдерісінде жасанды интеллект элементтерін қолдану мүмкіндіктері туралы баяндады. Кездесуге Ақтөбе облысы білім басқармасының бөлім басшысы Гүлжан Құлыбекова, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Роман Рахиев, Хобда аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Кереймағанбетов, Хобда аудандық білім бөлімінің басшысы Даржан Нұрболат қатысты. Қатысушылар тілдің дамуына қатысты өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.