ТжКББ педагогы – республикалық кәсіби шеберлік байқауынан “Үздік маман” иегері атанды!

ТжКББ педагогы – республикалық кәсіби шеберлік байқауынан “Үздік маман” иегері атанды!

2026 жылғы 27–30 сәуірде Шымкентте «Сән технологиясы» бағыты бойынша ТжКБ педагогтеріне арналған республикалық кәсіби шеберлік конкурсы өтті.

Байқау ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен «Talap» КЕАҚ қолдауымен ұйымдастырылып, сала дамуына, педагогтердің біліктілігін арттыруға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

Әр өңірден келген 12 қатысушылар ішінен Ақтөбе сервис колледжінің оқытушысы Ержанғалиева Гулайым

Ұзақбайқызы жүлделі медальон иегері атанды. Бұл — өңір білімінің кәсіби деңгейін айқындайтын маңызды жетістік.