
Ұлттық кітап күніне орай білім беру ұйымдарында оқу мәдениетін дамыту, кітап оқуды насихаттау және мектеп қауымдастығының белсенділігін арттыру мақсатында облыстық байқау бастау алды
Байқауға оқушылар, педагогтер және ата-аналардан құралған мектеп командалары қатысады.
Байқау талаптары бойынша оқу нормалары (оқу жылының соңына дейін):
– 1–4 сынып: 20 кітап
– 5–8 сынып: 40 кітап
– 9–11 сынып: 50 кітап
Оқу жылының соңында байқаудың облыстық кезеңі өтеді.
Үздік мектептер Бас жүлде, І, ІІ, ІІІ орындармен және арнайы номинациялармен марапатталады.
Оқуға құштар, белсенді мектептерді байқауға қатысуға шақырамыз!