Ақтөбеден шыққан оқушы халықаралық Менделеев олимпиадасында екінші орын алды

Ақтөбеден шыққан оқушы халықаралық Менделеев олимпиадасында екінші орын алды

Мәскеу қаласында химия пәнінен 60-шы Халықаралық Менделеев олимпиадасы өтті — бұл әлемдегі ең беделді олимпиадалардың бірі. Зияткерлік жарысқа 37 елден 200-ге жуық оқушы қатысып, өз білім деңгейін көрсетті.
 Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы есепте 1 алтын, 4 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды.
Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Сейітқазиев Нұрсейіт ұлттық құрама сапында күміс медаль иегері атанды.
Нұрсейітті жоғары жетістігімен құттықтаймыз, жаңа жеңістер тілейміз!