
Облыста «Таза Қазақстан таза болашақ» экофестивалі өтті.
№80 орта мектеп базасында ұйымдастырылған ауқымды шараға 1500-ге жуық қатысушы жиналып, оқушылар экологиялық жобаларымен қатар шығармашылық бастамаларын да ұсынды. Фестиваль барысында алғаш рет орындалған жаңа ән «Күн нұрынан туған жасыл әлем» флешмобы кезінде шырқалып, көпшіліктің ерекше ықыласына бөленді.
Іс-шараға қатысқан Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров экологиялық мәдениетті ерте жастан қалыптастырудың маңызын атап өтіп, жастардың мұндай бастамалары қоғамда табиғатқа жауапкершілікпен қарау құндылығын нығайтатынын айтты.
Жасөспірімдердің бұл шығармашылығы «Таза Қазақстан» акциясының идеясын тереңірек ашып, өңірде экологиялық тәрбиенің жүйелі түрде дамып келе жатқанын көрсетті.