«Балдырған» бөбекжай-бақшасы – Жасыл балабақша пилоттық жобасының тірек ұйымы

«Балдырған» бөбекжай-бақшасы – Жасыл балабақша пилоттық жобасының тірек ұйымы

Ойыл ауданындағы «Балдырған» бөбекжай-бақшасы «Жасыл балабақша» пилоттық жобасын жүзеге асырып отырған тірек мектепке дейінгі ұйым болып табылады. Бұл жоба балаларға ерте жастан экологиялық тәрбие беріп, табиғатты сүюге және қоршаған ортаны қорғауға баулиды.

Сонымен қатар, балабақшада жүзеге асырылып жатқан «Eco Herb Kids» жобасы арқылы балалар өсімдіктерді күтіп-баптап, қарапайым тәжірибелер мен эксперименттер жүргізу арқылы табиғи құбылыстарды зерттейді. Емдік өсімдіктерден шай дайындау барысында олар табиғи өнімдердің пайдасын түсініп, тәжірибелік дағдыларын дамытады.

 Бұл жобалар балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғатқа жанашыр, жауапкершілігі жоғары тұлға тәрбиелеуге бағытталған.