Ақтөбе мектептерінде Ұлттық кітап күні аталып өтті

Ақтөбе мектептерінде Ұлттық кітап күні аталып өтті

Білім беру ұйымдарында «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында Ұлттық кітап күніне орай «Ғылымға апарар жол» атты ашық тақырыптық іс-шаралар «Балалар әдебиеті - рухани тәрбие бастауы» онкүндігі аясында өткізілуде.

Іс-шараның басты мақсаты оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, балалар әдебиетінің рухани дамудағы маңызын айқындау және олардың шығармашылық әлеуетін ашуға жағдай жасау.

Осыған орай, №84 орта мектепте де осындай әдеби кеш өтті. Кеш барысында «Яссауидің рухани мұрасы» атты көрме ұйымдастырылып, оқушылар рухани құндылықтардың терең мазмұнымен танысты. Бастауыш сынып оқушылары «Абай дана Абай дара» атты танымдық жобаны ұсынып, ұлы ақын шығармашылығын терең түсінетіндіктерін көрсетті.

«Ғылым - болашақтың кілті» атты ашық диалог алаңы қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырып, ғылыми қауымдастық өкілдерімен мазмұнды сұхбат өтті. Іс-шараның шығармашылық атмосферасын оқушылардың орындауындағы әндер мен күйлер толықтырып, кешке ерекше жылулық пен әсерлілік сыйлады.