
Ақтөбедегі №55 мектеп-гимназиясында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Ecolife: сана таңдауы» тақырыбында экологиялық сабақ өтті. Оның мақсаты - оқушылардың табиғатқа жауапкершілігін арттырып, экологиялық мәдениетін қалыптастыру.
Шараға 100-ге жуық оқушы мен мұғалім қатысып, сабақ теория мен тәжірибені ұштастырған үш кезеңнен тұрды.
Алғашқы кезеңде 5-сынып оқушылары экологиялық бұрышта өз жобаларын таныстырып, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін көрсетті.
Екінші кез кезеңде 9-сынып оқушылары жылыжайда тәжірибелік сабаққа қатысып, гүл отырғызу мен күтіп- баптау тәсілдерін меңгерді.
Үшінші кезеңде жылыжайда өсірілген петуниялар мектеп ауласына отырғызылып, аумақ көркейе түсті.
"Бұл экологиялық сабақ оқушылардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды шаралардың бірі. «Жасыл әлем жарқын болашақ» тақырыбы аясында жас ұрпаққа экологиялық мәдениет пен саналы көзқарас қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Осындай бастамалар арқылы біз болашақта қоршаған ортаны аялауға бейім, белсенді азаматтарды тәрбиелейміз", - дейді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Асия Махашова.